Р.Түсіпбеков ҚР Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Рашид Төлеутайұлы Түсіпбеков Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы қызметінен босатылды.