«Қайрат»-«Бордо» матчы: Біз ертеңгі ойынға ең мықты құраммен шығамыз - В. Вайсс
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Біз ертеңгі ойынға ең мықты құраммен шығамыз. Егер сауатты ойнай білсек, жеңіске жете аламыз. Бұл туралы бүгін Алматыда футболдан Еуропа лигасының плей-офф кезеңінің кезекті ойыны қарсаңында өткен баспасөз мәслихаты барысында «Қайрат» командасының бас жаттықтырушысы Владимир Вайсс мәлімеді.