Қ.Салғараұлы жаңа еңбегінде ресми тарихтағы түрік халықтары ғұмырнамасының басталуы дұрыс еместігін дәлелдеді - ғалымдар
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлы¬ғының және Күлтегін сыйлығының иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, белгілі ғалым әрі жазушы Қойшығара Салғараұлының «Жер-жаһанда арғы атаңның ізі бар» деп аталатын жаңа кітабы тың деректер, соны материалдармен айрықша назар аудартады, деп жазады техника ғылымдарының докторы Керімжан Сейітжанов пен профессор Сағынғали Әбубәкіров «Егемен Қазақстан» газетіндегі «Тегін білу - тектілік» мақаласында.