Жылыту маусымына дайындық сылбыр жұмысты көтермейді - М. Бигелдиев
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары Махаббат Бигелдиев 26 тамыз күні жылыту маусымына дайындық мәселесі жөнінде штаб отырысын өткізді. Жиынға аудан, қала әкімдерінің орынбасарлары, бюджеттік мекемелердің, өңірдегі жылыту қазандықтарының, дизель отын жеткізуші мекемелердің басшылары қатысты, деп жазады zhetysu.gov.kz.