Тәжікстан және Қырғызстан делегациялары екі елдің шекарасын делимитациялау және демаркациялау бойынша бірлескен мәлімдеме жасады
ДУШАНБЕ. ХОВАР-ҚазАқпарат – 1 мамыр күні Қырғыз Республикасының Баткен қаласында Қырғызстанның Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы К.Ташиев пен Тәжікстанның Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы С. Ятимовтың басшылығымен екі елдің шекарасын делимитациялау және демаркациялау бойынша Үкіметтік делегациялардың кезекті отырысы болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ховар агенттігіне сілтеме жасап.