3 мамыр күнгі ауа райы болжамы
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 3 мамыр күні Қазақстан территориясының басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Тек еліміздің солтүстігі, солтүстік-батысы және оңтүстік-шығысында атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты жаңбыр, найзағай болжанады. Республиканың кей жерлерінде жел күшейеді. Оңтүстікте желмен шаңды дауыл көтеріледі. Солтүстікте – тұман, оңтүстік-шығыста бұршақ жаууы ықтимал. ҚазАқпарат бұл туралы «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап хабарлайды.