Қазақ ырымдарындағы отбасылық құндылықтар мен табиғатты аялау дәстүрі.
Қазақ халқының бүгінгі салт-дәстүрлері, ырымдары мен мәдениеті көшпелі ата-бабамыз өмір сүрген жылдардан бастап қалыптаса бастаған. Осындай наным-сенімдер мен ырымдар, ең алдымен, Көкке,Бөріге,Жерге табыну, Құрбандық шалудан пайда болды деп ойлаймын. Адам баласы шыр етіп дүниеге келген сәттен бастап жер қойнына тапсырылғанға дейін белгілі бір ұстанымдармен өмір сүреді. Солардың бірі де, бірегейі ата ырым-тыйымдар. Адамзат баласы жасаған мәдениет екі түрге бөлінеді. Біріншісі – рухани мәдениет, екіншісі – материалдық мәдениет. Рухани мәдениетке музыка, әдебиет, сәулет өнері, сурет өнері, кескін өнері жатса, адам баласының шаруашылыққа байланысты күн көрісінен туған дүниелері материалдық мәдениетті құрайды. Мәдениет тарихында күні кешеге дейін еуропалықтар Батыс дүниесінің ғана мәдениетін...