«Өзін қабылдау, өзін бағалаудан құндылықтарға»
Қазіргі таңда ең маңыздысы ол адам тұлғасының өзін-өзі дұрыс бағалай білуі. Даму үрдісі өмір бойы тоқталмайды, сондықтан сол үрдіске сәйкес өзін-өзі бағалау дағдылары бүкіл өмір бойы қалыптасады және дамиды. Басқа адамдармен қарым-қатынас тәжірибесі көп болса, сонда ғана адам тұлға ретінде өзі де дамып, көп ақпарат алады.
Өзін-өзі бағалауда тұлға үшін маңыздысы: шындық пен «Мен және Ол» арасындағы байлансы. Тұлғаның өз «Мен»-іне жақындауы, өзін-өзі дұрыс бағалау қабілеттілігінің дамуы кезінде ғана жүзеге асады.
Тұлғаның өзін-өзі дұрыс бағалауына коррекциялық тренингтер өткізу қажет. Топтық тренинг сабақтары мен жаттығулары түрлі келеңсіз жағдайларды жеңе білуге, ұстамдылық пен ақылдылық танытуға, өзінің әрекетіне есеп беруге, бойын кернеген жағымсыз...