Археологиялык-этнологиялық «Қазақ батырлары» газеті.
«Қазақ батырлары» - қоғамдық-тарихи, археологиялык-этнологиялық газет. Алғашқы саны 1998 жылы 10 қаңтарда жарық көрген. Содан бері айына бір рет 16 бет болып шығады. Газет қазақ халқының ерлік дәстүрлерін, хандарын, билерін, шешендері мен көсемдерін, елін жаулардан қорғаған батырлары мен бағландарын, ел шежіресін жазып келеді. Оның тұрақты айдарлары: "Ел қорғаған - ер бабам!", "Кемеңгер туған тұлғалар", "Тайпаларымызды таныстырамыз", "Нөрлі сез - әрлі сөз", "Атыңнан айналайын, әруақтар!", "Қызыл қырғын құрбан- дары", т.б. Құрылтайшысы "Мерей" ЖШС. Шығарушысы - журналист- жазушы Әбіқұл Ибрагимов.
Әбіқұл Ибрагимов 15 мамыр 1937 жылы, Мойынқұм ауданы Ерназар ауылында дүниеге келген. Қызметі- журналист. Қазақ мемлекет университетінің журналистика факультетін бітірген. Еңбек жолын...