Құқықтық тұрғыдан шөліркеген оқырманға құқықтық кәусарлардан дәм татуға мүмкіндік берген «Заң» газеті.
Заң газеті – қазақ тіліндегі республикалық апталық қоғамдық-саяси, құқықтық алғашқы басылым. Алғашқы сандары 1994 жылы 3 қарашадан бастап жарық көрген. «Заң» газетінің тұңғыш редакторы – Марат Тоқашбаев. Қазіргі редакторы – Бекжан Әшірбаев. Президенті - Досым Өтеғалиев. Меншік иесі – «ЗАңМедиа» ЖШС.
Газет әрбір мақаласымен халықтың құқықтық санасын арттырып, заңды білуіне атсалысты, Тәуелсіздіктің алғашқы кезеңдерінде елімізде болып жатқан саяси оқиғаларға, құқық саласындағы өзгерістерге айрықша үн қосты. Газетте ҚР Президентінің Жарлықтары мен өкімдері, халыққа Жолдаулары, ҚР Парламенті қабылдаған заңдар, Үкімет қаулылары жарияланады. Көлемі 4 баспа табақ. Таралымы 17000 дана(сол кездегі). Бүгінде жалпы таралым - 40640. Ирак Елекеев «Заң газетін ашу арманымыз еді» атты мақаласында: «Сонда ғой «құқық» деген сөздің алғаш қолданысқа енгені. Өзіміздің бұрын заң жасау тәжірибеміз болмағандықтан заң терминдерін қазақы қалыпқа түсіру оңай болған жоқ. Пікір қайшылығы, көзқарастардың сәйкеспеуі жиі орын алатын. Солардың бір парасы осы «құқық» сөзі төңірегінде өршіді. «Бұл қайдан...