Тұрақты даму - Әлем болашағы!
Қазіргі таңда мемлекеттің дамуы үшін бірінші кезекте экономика мен экологияның бірлесе отырып, тұрақты дамуы маңызды рөл атқарады. Шынында да, алғаш рет экономиканы экологияның пайдасына қарай модернизациялау ХХ ғасырдың 70 жылдары айтыла бастады. Сол кезден бері, бүгінгі күнге дейін табиғи ресурстарды үнемді пайдалану өзекті мәселе болып келе жатыр. Баршамызға белгілі, егер де табыс көзі неғұрлым өскен сайын, соғұрлым әлемдегі экологиялық тұрақтылық төмендейді. Бүгінгі таңда қоршаған ортадағы адамзаттың қажеттіліктерін қанағаттандыру болашақ ұрпақтың мүмкіндіктеріне ешқандай өзіндік зардаптарын тигізбейтіндей даму бұл тұрақты даму деп саналады. БҰҰ-ның тұрақты даму базалық тұжырымы мемлекетіміздегі негізгі үш саланының басын біріктіреді. Олар:экономика, әлеумметтік және экология, осы үш сала бірлескен...