Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына орай А.Байтұрсынұлы мен Т.Шонанұлының «Оқу құралында» жарық көрген Ы.Алтынсариннің еңбектері
Ұлы тұлғалар А.Байтұрсынұлы мен Т.Шонанұлының "Оқу құралы" еңбегіндегі туындылар жайлы
Белгілі қазақ қайратерлері Ахмет Байтұрсынұлы мен Телжан Шонанұлы 1926-1927 жж. «Оқу құралы» атты хрестоматиялық еңбек жазған. Бұл әдістемелік құрал үш бөлімнен құралған. Бірінші бөлім «Әдебиет, тұрмыс, еңбек». Екінші - «Ғылым». Үшінші - «Дүние». Аталмыш еңбектің «ұлттық әдістеме ілімі саласындағы алар орны ерекше». «Оқу құралының» құндылығы: 1) ана тілінде сауат аштыру; 2) шәкірттердің көркемдік талғамын, дүниетанымын қалыптастырып, жетілдіру; 3) табиғат құбылысы мен адам тұрмысының әр қырын топтастыра отырып, жасөспірімге қажетті тәжірибелік білім беру; 4) оқушыны оқыта отырып тәрбиелеу, рухани тазалыққа баулу». (Байтұрсынұлы А. Бес томдық шығармалар жинағы. 2 –т. – Алматы: «Алаш», 2004.- 7, 19 бб.). Өте дұрыс айтылған ой-пікір. Сонымен...