СҚО-да ер адам жүріп келе жатқан көліктен құлап кетіп, мерт болды
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысы Саумалкөл елді мекенінде ер адам жүріп келе жатқан көліктің есігін ашып, құлап кетті. Дәрігерлер оның өміріне араша түсе алмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.