Әзербайжанның екі тілшісі минаға жарылып, мерт болды
БАКУ. АЗЕРТАДЖ-ҚазАқпарат – Әзербайжан мемлекеттік ақпарат агенттігінің (АЗЕРТАДЖ) және Әзербайжан телевидениесінің (АзТВ) қызметкерлері Кяльбаджар ауданының Сусузлуг ауылы аумағында минаға жарылып, қаза болды. ҚазАқпарат бұл туралы azertag агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.