Ұлытау оқушылары киелі жерлерге экспедицияға аттанды
ҰЛЫТАУ. ҚазАқпарат – Ұлытау ауданының білім бөлімі «Ұлт ұясы – Ұлытау» жазғы туристік экспедициясын ұйымдастырды. Жобаның негізгі қатысушылары – 13 жастан 17 жасқа дейінгі оқушылар мен оқытушылар. Танымдық сапарлар жаздың соңына дейін өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.