«Рухани жаңғырудың» жаңа кезеңіндегі жобалар жас ерекшеліктеріне қарай әзірленді – Аида Балаева
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биыл «Рухани жаңғыру» бағдарламасын ұлттық жаңғыру кезеңіне көшіру жол картасы бекітілді. Жоспарланған шаралар мен жобалар жас ерекшеліктеріне сай әзірленді. Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.