МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР – ТӘУЕЛСІЗДІК НЫШАНЫ
МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР – ТӘУЕЛСІЗДІК НЫШАНЫ
1992 жылы 4 маусымда тәуелсіз Қазақстанның жаңа мемлекеттік рәміздері алғаш рет бекітілді. Бұл күн ел тарихында жаңа мемлекеттік рәміздердің туған күні ретінде мәңгі қалады.
«Кәсіби және өзге де мерекелер туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 4 маусымдағы №337 «Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 20 қаңтардағы №382 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасында 4 маусымда еліміз Мемлекеттік рәміздер күнін атап өтеді.
Мемлекеттік рәміздер - мемлекеттің мызғымас негіздерінің бірі. Биыл Қазақстанның мемлекеттік рәміздеріне 29 жыл. Олар Мемлекеттік Ту, Елтаңба және Гимн.
Қазақстанның мемлекеттік туы - көк түсті тікбұрышты мата. Оның ортасында сәулесін шашқан күн,...