Токиода мыңдаған жапон конституцияға өзгеріс енгізуге қарсы шықты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Токиода ел парламенті ғимаратының алдында мыңдаған адам наразылық шарасына жиналды. Олар Жапон армиясының мемлекет шекарасынан тыс жерлердегі әскери іс-қимылдарға қатысуына рұқсат ететін заңның қабылдануына қарсылық танытты, деп хабарлады «ВВС» агенттігі.