Қарағандыда тұрғын үй сертификатын алу үшін қайда жүгінуге болады
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Тұрғын үй сатып алу кезінде бастапқы төлемді жабу үшін әлеуметтік көмек ретінде тұрғын үй сертификаттары беріледі. Олар ортақ табысы отбасының әрбір мүшесіне шаққанда айына ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,1 еселенген көрсеткішінен аспайтын әлеуметтік топтарға беріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.