16 маусым күнгі ауа райы болжамы
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 16 маусым күні атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты, еліміздің батыс, солтүстік және оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда найзағай, өткінші жаңбыр, бұршақ күтіледі. Республиканың қалған бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы болжанады. Жекелеген өңірде екпінді жел тұрады, оңтүстікте шаңды дауыл, оңтүстік-батыс жағалауында түнде және күндіз тұман болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.