17 маусымда Қазақстанда күн күркіреп, жаңбыр жауады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Атмосфералық ауа ағындарының өтуіне байланысты ел өңірінің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ал, батыста және оңтүстік-шығыстағы тауларда бұршақ жауады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.