Жаңаарқада вакцинацияланған тұрғындар арасында шипажайға жолдама ойнатылды
ЖАҢААРҚА. ҚазАқпарат – Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданында коронавирусқа қарсы вакцина алған тұрғындар арасында екі жолдама сарапқа салынды. Сондай-ақ, вакцинаның бірінші компонентін алғандар арасында бағалы сыйлықтар ойнатылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.