ЕО елдері вакцинацияны жеделдету үшін бәрін жасауы керек - Еурокомисия басшысы
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - Сенбі күні Еуропалық Комиссияның төрағасы Урсула фон дер Лейен Еуроодақ вакциналармен қамтамасыз етуде символикалық межеге жетті деген мәлімдеме жасады. Одақтың ересек тұрғындарының 70% вакциналармен қамтамасыз етілген, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі.