«Алтын тұлпар» аламан бәйгесіне қатысуға ең көп өтінім Маңғыстау өңірінен түскен
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қыркүйек айының 6-сы күні Астана қаласының маңындағы Қабанбай ауылы аумағында «Алтын тұлпар» аламан бәйгесі өтеді. Бұл жарыстың мақсаты - ел арасында танылмай келе жатқан қазақы жүйрік жылқыларды жарыққа шығарып, халқымыздың байырғы дәстүрлі атбегелік өнерін жаңғырту болып табылады, деп хабарлайды Ұлттық спорт түрлері қауымдастығынан.