Қарағандыдағы емханада қызметкерлердің 80%-ға жуығы екпе алды
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Халық арасында жүргізіліп жатқан иммундау науқаны, қарағандылықтарға қандай вакцинамен екпе жасалуда және препараттар тапшылығы жоқ па? Бұл туралы біздің тілшімізге «Қарағанды қаласының №4 емханасы» КМК медициналық қызмет сапасын бақылау бойынша директор орынбасарының м.а. Шахрух Туламетов айтып берді.