Нұр-Сұлтанда ПТР зертханаларының қуаты артты
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтанда күніне 10 мыңға жуық ПТР-зерттеу жүргізіледі. Пандемия үй басталғалы бері халықты ПТР-тестілеумен көбірек қамту үшін қаладағы зертханалар саны екіден 27-ге дейін өсті. Зертханалардың қуаттылығы тәулігіне 13 мыңнан астам зерттеуді құрайды. Бүгінгі таңда 1,7 млн-нан астам зерттеу жүргізілді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.