Пиноккио
Ертеде Геппетто деген ағаш шебері өмір сүріпті. Бір күні ол ағаштан ойыншық бала жасайды. Кенет қуыршаққа жан бітіп, өте көңілді, шолжаңбай бала пайда болады. «Енді сен менің балам боласың», — деп шебер оған Пиноккио деп ат қояды.
Бір күні бәрін өз көзімен көріп, білгісі келген Пиноккио үйінен қашып кетеді. Геппетто артынан жүгіріп шығып: «Пиноккио, тентек болма, үйге қайт», — деп айғайлайды.
Геппеттоның дауысын көршілері естіп, жиналып қалады. Алайдатың дайтын бала жоқ, алды-артына қарамастан қаша жөнеледі.
Пиноккио күні бойы дала кезеді. Кешке қарыны ашқан соң амалсыз үйіне оралады. Оны терезеден жолын күтіп қарап отырған Геппетто көріп, шақырып алады. Тамақтандырып: «Пиноккио, ұлым,...