Алиса ғажайыптар елінде
Әпкесімен бірнеше сағаттан бері көгалда отырған Алиса немен айналысарын білмеді. Әпкесі кітап оқып отыр. Шілденің ыстығы мен жапырақтар сыбдыры Алисаның ішін пыстырып, ұйқысын келтірді. Әпкесінің кітабына бірнеше рет үңілген ол кітапта қызықты суреттер мен әзіл әңгімелер жоқ екеніне көзі жетіп, күрсініп қойды. «Әлде, түймедақтан гүлтәж жасасам ба екен?» деп ойлады ол бір сәт.
Бірақ Алиса қозғалуға ерінді. Кенет оның қасынан бірақ Қоян құйғытып өте шықты. «Құдайым-ай, кешіктім-ау! Кешіктім ғой!» деп зарлап бара жатыр. Қоян сағатына тағатсыздана қа рап қояды. Алиса атып тұрып, Қоянның соңынан тұра жүгірді. Ол Қоянның артынан жүгіріп отырып бақтың шетіне шықты. Дуалдың астынан үлкен ін көрінді. Алиса...