Сандықтауда психологиялық - педагогикалық түзету кабинеті ашылды - Ақмола облысы (ФОТО)
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Сандықтау ауданының Хуторок ауылында психологиялық - педагогикалық түзету кабинеті шылды.
Аудандық білім бөлімінің ұйытқы болуымен ұйымдастырылған кабинеттің ашылу салтанатына аудан әкімі Асылбек Исмағамбетов, облыстық білім басқармасының басшысы Балым Ізбасарова, сондай-ақ педагогтар мен мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналары қатысты.