Қарағанды облысында COVID-19 жұқтырған ауыр науқастар көбейді
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысында инфекциялық науқастарға арналған төсек-орынның 50%-дан астамы бос емес. Жансақтау бөлімшелерінде 163 ауыр науқас бар, олардың 45-і ӨЖЖ аппаратына қосылған. Бұл туралы Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Гамаль Тоқсамбаев мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.