Сөнген шал
3 актылы, 4 картиналы сатиралық комедия
(комедия)
3 актылы, 4 картиналы сатиралық комедия
ҚАТЫНАСУШЫЛАР
Бәйтен Батпанов — облыстық газет редакторы.
Қалия Батпанова — оның әйелі.
Әшім Батпанов — Бәйтеннің інісі, аспирант, каникулге келген.
Зәру Шынтемірова — газеттің әдеби қызметкері.
Балапан Атшабаров — жас жігіт.
Қоңыр Сабанбаев — қалалық совет атқару комитеті председателінің орынбасары, жұп-жуан әрі ұсқынсыз жігіт.
Шаймұрат Далдабаев — газет фото-корр.
Қошқарбай Төлеутаев — «Терең сай» колхозының председателі.
Күлшара Тойғарина — колхозда звено бастығы,
Мәжікен Сәдіров — колхоз бригадирі.
БІРІНШІ АКТ
Ертеректе салынған қоңыр үй. Сахнада үйдің үлкен верандасы. Бұл-газет редакторы Бәйтен Батпановтың пәтері. Верандаға шырмауықтар өскен. Сол жақта газеттің әдеби қызметкері Зәру Шынтемірованың пәтері,...