Аттаныс алдында
Қыз уәделі уақытында келді. Жігіт жоқ... Ерсілі-қарсылы өтіп жатқан халықтан именіп, бір орында аялдай алмай, қыз ағаш тасасында қаракөлеңке жамыла тұрып жан-жағына жалтақтады...
I
Қыз уәделі уақытында келді. Жігіт жоқ... Ерсілі-қарсылы өтіп жатқан халықтан именіп, бір орында аялдай алмай, қыз ағаш тасасында қаракөлеңке жамыла тұрып жан-жағына жалтақтады...
«Мұнысы қалай? Неге кешігеді?» — деп ойлады ол, әрі ыңғайсызданып, әрі әлденеге мазасызданып. Уақыт көз алдында, елеусіз ұрланып секундтап, минуттап жоғалып жатты. Көңілсіз де, шүбәлі де ой меңдеп, қыздан барған сайын дегбір қашты. «Мен неге күтемін, қайта ол күтсін». Намыстан туған бұл ойға бас қойып, қыз өз қақпасына қарай бұрыла берді де, кілт тоқтап қалды: «Өмірде кездейсоқ уақиға аз ба?..»
Бәсе, аз ба? Осы бір алғашқы танысудың өзі де өмірі ойламаған жерден басталғаны қалай?.. Қыз көз...