Кавабатаның көз жасы
Көне кітапта мынадай сөз бар. Дүниеде тіршілік көзі таусылып заман ақыр болғанда жердің үсті мен астындағы тірі аруақ, өлінің рухы таразы басына жиналады. Жаратқан ие алдарынан шығып, жанында мүңкір-нәңкір, жаналғыш, жауаптағыш періштелері бар, сіресіп отырып тергейді дейді. Біреу тіршілік сапарында ешкімге қиянат жасағаным жоқ деп құран ұстап қарғанып жатса, келесі пенде күнәға білмей, ойланбай белшеден батыппын деп маңдайын тоқпақтайды. Ұрылар, қанішерлер, жезөкшелер, зымияндар қылмысын жасырады. Сол кезде жаратқан ие куәлікке байғызды шақырады-мыс. Байғыз жерде не болып, не қойғанын көзін ашып-жұмып, есепке алып отыратын жаратқанның көзі деседі. Таразы басында қалшылдап-дірілдеп «анау өйтті», «мынау бүйтті» деп сайрап айтып бермекші.
Сол көне кітаптағы...