Цифровизация – Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін арттыру мен дамытудың негізгі кілті
2021 жылдың 1-ші қыркүйегінде Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында: «Цифровизация – ұлттық бәсекеге қабілеттілікке қолжеткізудің негізгі құралы. Қазақстан еуразиялық кеңістіктің басым бөлігінде цифровизациялық хаб орталығына айналуы тиіс» деп атап көрсетті. Мемлекет басшысы елдің экономикасын дамыту үшін цифрлы технологияларды белсенді ендірудің маңыздылығын баса айтты. Оның пікірі бойынша цифровизация жалпы кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру мен тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсарту үшін қажет. Шын мәнінде бүгінгі күні ғаламтордың қолжетімділігінің артуы саяси ақпарат ағынын арттырып ғана қоймай, саяси процесстерге қатысу формасына да біршама өзгерістер алып келді.
ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастау алған заманауи коммуникациялық құралдардың қоғамдық өмірге тез қарқында кірігуі,...