Қарағандыда дәмхана кассасынан ұры 1,7 млн теңгені жымқырып кеткен
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағандыда жылпос ұры дәмхананың терезесінен кіріп, тонап кеткен. Санаулы минутта ол кассадан 1 млн 700 мың теңге алып шыққан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.