Алматы облысында жоғалып кеткен бойжеткен тоғыз күннен соң табылды
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында 17 жастағы қыз тоғыз күннен соң табылды. Жасөспірімді іздеу үшін Алматы облысынан бөлек Алматы қаласының да полицейлері жұмылдырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.