Тұтынудамыз, бірақ нені?
Күніңіздің қанша сағатын жұмыста, қанша сағатын жақындарыңызбен, қанша сағатын өзіңізге бөлетініңізді ойлап көрдіңіз бе? Жалпылама 8 сағат жұмыста өтеді деп алсақ, (5 күндік деп есептегенде) аптада 40 сағат, 1 айда 160, 1 жылда 1920, 50 жылда 96000 сағат, яғни шамамен 11 жылдай мерзім жұмыста өтеді екен. Бұл әлі де жол кептелісінде өтетін уақыттарды, қосымша істер мен апта соңындағы жұмыстарға кететін уақыттарды қоспағандағы қарапайым есеп. Орташа жас өлшемін 70 жыл деп алсақ, бұл 70 жылдың, кем дегенде 10 жылы тәлім алып жетілуге, 20 жылы үйқыда өтетінін ескерсек, өміріміздің төрттен бірін табыс табуға жұмсайды екенбіз.
Уругвайдың 2010-2015 жылдары аралығында қызмет атқарған...