Ресейде бес күн қатарынан коронавирустан тәулігіне 800 адам көз жұмды
МӘСКЕУ. ТАСС-ҚазАқпарат – Ресейде коронавирустан көз жұмғандар саны бір күннің ішінде 822-ге өсіп, 203 095-ке жетті. Бір күн бұрын бұл көрсеткіш 828 болған. Бұл туралы Жаңа инфекциямен күрес жөніндегі федералды жедел штаб мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.