Шәйнек
Бір тәкаппар шәйнек болыпты. Ол өзінің жылтыр фарфорымен, ұзын шүмегімен және әдемі тұтқасымен мақтанып, желпіне сөйлейтін еді. Бірақ ол қақпағының сынғаны, желімделіп жапсырылғаны туралы айтпайтын. Өз бойындағы кемшілікті өзгеге айтуды қайдан ұнамды болсын. Шай жабдығы: кеселер, қаймақ сауыт, қант сауыт барлығы да шәйнектің берік тұтқасы мен әдемі шүмегін мақтаса да, оның кемшілігі туралы абайлап сөйлейтін еді. Шәйнек те мұны жақсы білетін.
«Олардың жайын да білемін мен! — дейтін іштей ол. — Өз кемшілігімді де білемін әрі мойындаймын. Және бұл — менің қарапайымдылығым. Кемшілік әр затта бар ғой. Ал оның есесіне әрқайсысының өзіне тән артықшылығы бар емес пе? Кеселердің тұтқасы бар,...