Сарыбаев Болат
Болат Сарыбаев (1927-1984) — музыкатанушы, өнертану кандидаты. Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын қобыз класы бойынша бітірген, мұнан соң халық аспаптар кафедрасында дәріс берген, бір мезгілде қазақтың халықтық музыкалық аспаптарын жинау мен зерттеу жөніндегі қызметтермен айналысты. Зерттеушінің дербес жинамасы әртүрлі халықтардың төрт жүзге таман музыкалық аспабын қамтиды, ол сондай-ақ сыбызғы, сырнай, жетіген, шертер, шаңқобыз, дабыл және басқа халықтық қазақ музыкалық аспаптары жинамасының иесі. Ол бұл аспаптарда Ықылас атындағы қазақтың музыкалық аспаптар Музейіне тапсырған. Б.Сарыбаев “Қазақтың халық аспаптары” монографиясында табылған аспаптардың түрін, қатарын, дыбыстық берілімін, ойнау тәсіліне ғылыми сипаттама бере отырып, жіктейді. Бұл зерттеуге бағалы қосымша ретінде Сарыбаевтың көмегімен “Қазақтың музыкалық аспаптары”...