Бұйра және қызғылт бірқазандар
Бұйра және қызғылт бірқазандар — бір туысқа жататын бұл екі түр бір-біріне өте ұқсас, еліміздің су қоймаларында тіршілік етеді. Бұл ірі ақшыл құс (салмағы 13 кг), ерекше үлкен (ұзындығы 45 см) тұмсығы бар, оның төменгі жағы өте қатты созылатын тері қапшықтан тұрады. Қанатын созғанда 3 метрге дейін жетеді. Олар өте жақсы ұшады. Ұшқанда ертеде жер бетінде мекендеген птеродактильдерге ұқсас. Қызғылт бірқазанның атына сәйкес қауырсындары қызғылт түсті. Көзінің айналасындағы жалаңаш терісі де қызғылт түсті және сары алқым қапшығы болады.
Бұйра бірқазан сұрғылт түсті, басындағы ерекше «бұйра» шашы қызғылт сары қызыл болады. Бірқазан балықпен қоректенеді, ожау сияқты тұмсығымен ұстайды. Қазақстанда ұялары Батыс...