Бұлбұл
Бұлбұл — торғай тәрізділер отрядының сайрауықтар тұқымдасына жататын әнші құс. Қазақставда екі түрі — кәдімгі немесе шығыс бүлбұлы және оңтүстік не зортұмсықты бұлбұл кездеседі. Оңтүстік бұлбұлы Сырдария, Шу, Іле, Қаратал өзевдерінің бойындағы тоғайларды, үлкен бау-бақшаларды, қалың бұталы өсімдіктерге бай саябақтарды мекендейді. Кәдімгі бұлбұл Жайық пен Ертіс өзендерінің бойында, Көкшетау өңіріндегі кыраттарда ұялайды. Дене тұрқы 160-190 мм, канатының ұзындығы 90 мм-дей, салмағы 17-26 г. Арқасы қара-сұр, қоңыр-сұр, бауыры ақшыл болады. Бұлбұл — жыл құсы. Сәуірдің аяғы мен мамырдың басында ұялауға рып келеді. Ұяларын жерге, шөп арасына немесе ағаштардың төменгі бұгақтарына салады. Мамыр-маусымда ұяларына үш не бес қоңыр түсті жұмыртқа салып, оны...