Жазғы демалыс кезінде жасөспірімдер 19 қылмысқа барған - БҚО
ОРАЛ. ҚазАқпарат - БҚО әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкеннің төрағалық етуімен өткен облыстық ведомствоаралық комиссия отырысында девиантты мінез-құлықты, сондай-ақ ішкі істер органдарында есепте тұратын жасөспірімдердің жазғы демалысын және бос уақытын дұрыс өткізуін ұйымдастыру мәселелері талқыланды.