Павлодар көшесіне Кеңес Одағының Батыры Қ. Сұрағановтың есімі беріледі
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодардың бір көшесіне Құдайберген Сұрағановтың есімі беріледі. Бұл шешімді қалалық мәслихат жанындағы экология және қала құрылысы, заңдылықтар мен тұрғындардың құқықтарын қорғау жөніндегі тұрақты комиссия қоғамдық тыңдау өткізу арқылы жасайды.