Мы в Telegram
Добавить новость
103news.com
World News in Kazakh
Ноябрь
2021

Іш кебуінің 10 себебі

0

Іш кебуінің жағымсыз әсері кез келген адамды мазалайды. Мұндай жағдай адамды әлсіздендіріп, ұйқышыл болып жүруіне және өнімділігінің азаюына ықпал етеді. Не үшін іш кебеді және оны қалай кетіруге болады? Асқазан-ішек жолына газ көп жиналып қалса, іш кебеді. Қалыпты жағдайда оның мөлшері 700-1000 мл аралығында болуы керек. Ал 1500 мл ауадан көп көрсеткіш оның нормадан асқанын […]

Сообщение Іш кебуінің 10 себебі появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ.

Іш кебуінің жағымсыз әсері кез келген адамды мазалайды. Мұндай жағдай адамды әлсіздендіріп, ұйқышыл болып жүруіне және өнімділігінің азаюына ықпал етеді. Не үшін іш кебеді және оны қалай кетіруге болады?

Асқазан-ішек жолына газ көп жиналып қалса, іш кебеді. Қалыпты жағдайда оның мөлшері 700-1000 мл аралығында болуы керек. Ал 1500 мл ауадан көп көрсеткіш оның нормадан асқанын білдіреді. Сол үшін құрсақ қуысы кеңейеді және онымен бірге түйіліп ауыру, жүрек айну, ауырлық сезіну секілді басқа да белгілер орын алады. Мұндай жағымсыз әсерлер жиі мазаламас үшін іш кебуінің себептерін білген жөн.

Ауа жұту
Адам асығыс немесе жүріп тамақ жесе және тамақ ішіп отырып қасындағы адамға әңгіме айтып отырса, ол тамақпен бірге ауа көп жұтып қояды. Сондай-ақ жиі сағыз шайнайтын және темекі тартатын адамдардың іші кебуі мүмкін. Егер осы факторлардың себебінен іш кепсе, ауаның бір бөлігі кекіру арқылы шығады да, қалғаны асқазанға жиналып, жағымсыз белгілердің себебіне айналады.

Ашытқыш өнімдер
Кей өнімдер асқазанға түскен соң ашитын әсерге ие. Сол үшін газдар бөлінеді. Мұндай тамақтардан соң шалбардың белдігін сәл босатқыңыз келіп тұрады. Іш кебуінің пайда болуына ықпал ететін өнімдерге әдетте бұршақтылардың барлық түрін жатқызады. Бірақ қарапайым картоптың өзі жағымсыз белгілердің пайда болуына себепші болуы әбден мүмкін.

Әйелдердің гормонды күйінің өзгеруі
Әйелдердің етеккірі келгенде, келер алдында немесе одан кейін іштері кебуі мүмкін. Бұл олардың ағзасындағы гормондар мөлшерінің өзгеруімен байланысты.

Шемен және ісіктер
Құрсақ қуысында сұйықтықтың жиналуын шемен (асцит) деп атайды. Ол —көптеген аурулардың белгісі. Сондықтан егер іш кебу уақытша ғана емес, жиі пайда болса, міндетті түрде дәрігерге қаралу керек.

Ағзаға сұйықтықтың жетіспеуі
Өте тұзды тағамдар мен алкогольді өнімдер ағзадағы сұйықтық мөлшерін азайтатындықтан, олардан соң бір-екі стақан су ішкіңіз келеді. Шөлмен қатар көп ұзамай іш кебеді. Сусыздану кезінде болашақта мұндай жағдай орын алмас үшін ағза барынша көп ылғал жинауға тырысады. Оған қоса, газ да көбейеді, соның себебінен ісік, іш кебу және дәрет проблемасы пайда болады.

Аллергия
Аспаздық аллергия немесе қандай да бір өнімді көтере алмаудың негізгі белгісі — іштің кебуі. Оларға цитрустылар, жаңғақтар және құрамында глютені бар өнімдер жатуы мүмкін. Алайда кез келген өнім аллерген бола алады. Іш кебуінің бұл жағдайында оған терінің қызаруы немесе бөртуі секілді аллергия белгілері қосылады.

Бактериялық өсу синдромы
Асқазан жолындағы зиянды бактериялардың шоғырлану деңгейінің жоғары болуын бактериялық өсу синдромы деп атайды. «Жаман» бактериялар үшін дисбактериоз да пайда болады. Бұл аурулардың кесірінен асқазандағы тамақ нашар сіңеді, сондықтан іш кебеді және басқа да жағымсыз әсерлер пайда болады. Мұндай жағдайда дәрігерге қаралу керек: ол дәрілердің немесе диетаның көмегімен ішектер бактерияларының тепе-теңдігін қалпына келтірудің қолайлы шешімін табады.

Жұқпалы аурулар
Жұқпалы аурулар лейкоциттер деңгейін арттырады және қабынуды шақырады. Егер олармен жамбас аймағы немесе асқазан-ішек жолы зақымданса, ауру сезіміне қосымша ісік пен құрсақ қуысының кебуі қосылады. Сондай-ақ температура көтеріліп, лимфа түйіндері ісіп кетеді. Мұндай белгілер — дәрігерге қаралуға себеп.

Антибиотиктер ішу
Бұл топқа жататын кей дәрілер іш кебуіне ықпал етеді. Сондықтан әдетте, дәрігерлер, дәрі ішкен кезде ішектерді қалыпта ұстау үшін қосымша пробиотиктер ішуді ұсынады.

Адамның жасы мен аз қозғалысты өмір салты
Адамның жасы өсе келе оның асқорыту жүйесі әлсіздене береді. Сондықтан оны тонуста ұстау маңызды: жылына кем дегенде бір рет гастроэнтерологқа қаралу керек. Аз қозғалысты өмір салты ішектер жұмысының нашарлауына ықпал етеді, сондықтан іш кебеді немесе асқазан-ішектер жолының басқа да проблемалары мазалайды.

Іш кебуін қалай кетіруге болады?

— Ішектерге қоректік заттарды сіңіруге және улы заттарды шығаруға көмектесетін пайдалы бактерияларды, яғни табиғи пробиотиктерді қолданыңыз. Олар арнайы дәрі-дәрмектерде және азық-түліктерде болады. Мысалы, оларға сүтқышқылды немесе пастерленбеген сүт және йогурт, шай саңырауқұлағы жатады.
— Құрамында суы көп жемістер мен көкөністерді көбірек жеңіз. Мысалы, қияр мен қауын. Буға піскен көкөністерге мән беріңіз.
— Егер бұл проблемамен жиі ауырсаңыз, тамаққа дәмдеуіштер пайдаланып көріңіз. Олар ішектер бұлшықетінің босаңсынуына ықпал етеді. Іш жүргізетін әсерге ақжелкен, гүлшетен және ұнтақталған зімбір ие.
— Жалбыз қосылған шөпті шай ішіңіз. Ол асқазан жұмысын жақсартады.

Ақпарат дереккөзі:  massaget.kz

Сообщение Іш кебуінің 10 себебі появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ.





Губернаторы России
Москва

Собянин: Более трех миллионов человек посетили фестиваль «Москва на волне. Рыбная неделя»





Москва

Стоматолог Владимир Лосев: сколько времени нужно носить брекеты


Губернаторы России

103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media
Москва

Пожарной охране Москвы исполнилось 220 лет — Сергей Собянин



103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. 103news.com — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости

Юрий Лоза

Лоза оценил перспективы музыкальной карьеры Валиевой




Спорт в России и мире

Алексей Смирнов – актер, которого, надеюсь, еще не забыли

Команда Центрального округа Росгвардии стала призером на чемпионате по пожарно-спасательному спорту в Москве (видео)

Больше всего работников с креативными идеями работает в ритейле и спорте

Представители KAMA TYRES приняли участие в 57-й легкоатлетической эстафете


WTA

Пресс-служба WTA мемом отреагировала на тяжёлую победу Свёнтек над Осакой



Новости Крыма на Sevpoisk.ru


Москва

Дети должны купаться в трусиках: Педиатр предупредила родителей об опасности летних речек



Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России