Мы в Telegram
Добавить новость
103news.com
World News in Kazakh
Ноябрь
2021

Бәріне үлгеру үшін…

0

Нақтылықтың болмауы өмірде кедергі жасайды. Ол көп істің уақытында жасалмауына әкеліп, соның салдарынан жұмыста немесе сабақта бітпеген жұмыс көбейе береді. Ал ол уайымға және күйзеліске әкеледі. Сондықтан уақытында бәріне үлгерудің денсаулыққа да пайдасы бар. Неден бастау қажет? Бәріне үлгеру үшін ми белсенді жұмыс істеуі керек. • Ол үшін алдымен ұйқыны қандыру керек. Ересек адам қалыпты […]

Сообщение Бәріне үлгеру үшін… появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ.

Нақтылықтың болмауы өмірде кедергі жасайды. Ол көп істің уақытында жасалмауына әкеліп, соның салдарынан жұмыста немесе сабақта бітпеген жұмыс көбейе береді. Ал ол уайымға және күйзеліске әкеледі. Сондықтан уақытында бәріне үлгерудің денсаулыққа да пайдасы бар.

Неден бастау қажет?

Бәріне үлгеру үшін ми белсенді жұмыс істеуі керек.
• Ол үшін алдымен ұйқыны қандыру керек. Ересек адам қалыпты түрде тәулігіне 7-8 сағат ұйықтауы қажет.
• Дұрыс тамақтануды бастаңыз. Нақты тәртіп пен дұрыс тағам ағзаны қажетті ресурспен қамтамасыз етеді.
• Спортпен айналысыңыз. Күні бойына қуат сыйлайтын таңғы жаттығудан бастап, берік иммунитетті қамтамасыз ететін машықтандыруға дейін ағзаға пайдасы зор.

Кедергілерді жоюға көмектесетін кеңестер:

Уақытты жоспарлаңыз. Өзіңізді болашаққа әрі жақын уақытқа жоспар құрып жүруге үйретіңіз. Күнде кешкілік ертеңгі күнді жоспарлауға арналған уақыт бөліңіз. Түрлі түсті қаламмен істің маңыздылығына қарай бөліп жазыңыз. Орындалған істерді тізімнен өшіріп жүріңіз.

Алаңдататын жағдайларды болдыртпаңыз. Жұмысқа кірісер алдында барлық әлеуметтік желілерді жабыңыз. Егер маңызды қоңырау күтпесеңіз, ұялы телефоныңызды да сөндіріп тастаңыз. Өзіңізді ең жиі алаңдататын жағдайды анықтап, соны біртіндеп жоюға тырысыңыз.

Барлығына үлгеру үшін ол «сіздің мүмкіндік шегіңізде» болуы керек. Өзіңізге арналған тапсырма көлемінің мүмкін шегін анықтап алыңыз. Егер мүмкіншілігіңізді арттырғыңыз келсе, жұмыс көлемін біртіндеп ұлғайтыңыз. Мүмкіндігіңізді дұрыс бағаламасаңыз, ол күйзеліске және өзін-өзі бағалауыңыздың төмендеуіне әкеледі. Тапсырманың санына емес, сапасына жұмыс істеуге тырысыңыз.

Жұмыс орнын тәртіпте ұстаңыз. Әр элемент өз орнында тұрсын. Ол сізге қажет затты жылдам табуға көмектеседі. Сонымен қатар, артық заттар сізді алаңдатпайды. Жалпы үстелдегі тәртіп жұмыс атмосферасын сыйлайды.

Уақытты үнемдейтін заманауи технологияны қолдануға тырысыңыз. Мысалы, тұрмыстық деңгейде блендер, ет турағыш секілді басқа да ас үй техникалары тамақ дайындау уақытын екі есе азайтады.

Жақсы орындалған жұмыс үшін өзіңізді мақтаңыз. Марапаттау жүйесін ойластырыңыз. Мысалы, нақты деңгейге өссеңіз, өзіңізге керек қымбат дүние сатып алыңыз.

Ойыңызда ұмтылатын мінсіз адамды жасамаңыз. Мінсіз адам болмайды. Оған жетемін деп кеткен күш пен уақыт білінбей қалады да, бәрібір жұмысқа үлгермей жүресіз.

«Бүгін жасауға болатын істі ертеңге қалдырма» ережесін ұстаныңыз. Жиналған жұмыстарды қалай да жасау керек болады, алайда оны біртіндеп орындаған жеңілге түседі. Орындалмаған жұмыстар жүгі сізді алаңдатып, қыспаққа алады.

Көмек сұраңыз. Егер бір нәрсеге үлгермей жатсаңыз, ұялатын ештеңесі жоқ. Мұндай жағдайда жақыныңыздан немесе әріптесіңізден (группаласыңыздан) көмек сұрай білу керек.

Кездесуге немесе жұмысқа шығар алдында 1 сағат бұрын дайындала бастаңыз.

Күн ұзақ болу үшін барынша ерте тұруға тырысыңыз. Қалай ұйқыдан тұруыңыз өте маңызды. Ұйқыдан ақырындап тұрудан және оятқыштың көп санынан бас тартыңыз. Төсектен бірінші дыбыстан бірден тұруды үйреніңіз. Тұрған бойда бірден терезені ашып, жаттығу жасауға кірісіп кетіңіз.

Жұмыс тиімділігі және ойдың айқындығы үшін үзіліс жасап тұрыңыз. Алайда ол уақыт та ақылмен толтырылған болуы керек. Үзілісті әлеуметтік желіде отырумен өткізуге болмайды. Мысалы, әр сағаттың соңғы 5-10 минутында далада жүріп келіңіз немесе көзіңізді жұмып, ештеңе ойламай демалыңыз. Сол кезде мидың және ағзаның төзімділігі артқанын байқайсыз.

Егер қалай тырыссаңыз да жұмыста үлгермесеңіз, оны жалғастырудың мәні бар ма екенін ойланыңыз. Егер айналысатын ісіңізді қатты ұнатсаңыз, оған өзіңізді толықтай арнағандықтан, қиындықтар аз болады. Егер күнде сізге негатив әкелетін іспен айналыссаңыз, өзіңізді күйзеліске ұшыратасыз.

Ақпарат дереккөзі:  massaget.kz

Сообщение Бәріне үлгеру үшін… появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ.





Губернаторы России
Москва

Собянин: Новый корпус больницы святого Владимира планируется открыть в 2025 году





Москва

Филиал № 4 ОСФР по Москве и Московской области информирует: Свыше 5,2 миллиона жителей Московского региона получают набор социальных услуг в натуральном виде


Губернаторы России

103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media
Москва

Собянин объявил об окончании строительства городского вокзала «Кутузовская»



103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. 103news.com — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости

Джиган

«Мы думали, что будет легче!» Оксана Самойлова и Джиган будут выживать в песках дубайской пустыни в шоу «Выжить в Дубае. Возвращение» на ТНТ




Спорт в России и мире

Алексей Смирнов – актер, которого, надеюсь, еще не забыли

Росгвардейцы обеспечили безопасность во время футбольного матча в Москве

Росгвардейцы обеспечили безопасность футбольного матча в Москве

Дмитрий Вязьмикин – тренер по индивидуальной подготовке молодежного футбола «Локо»


Ролан Гаррос

Теннисистка из Пятигорска вышла в четвёртый круг турнира Большого шлема



Новости Крыма на Sevpoisk.ru


Москва

Чиновники из воронежского правительства и фонда капремонта не могут отстать от женщины из-за суда по переносу сроков капремонта



Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России