Қызылордада ауыл шаруашылық жәрмеңкесінде 1500 тоннадан астам өнім саудаланды
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Бүгін Қызылорда облысының орталығындағы Астана даңғылында қалаға қарасты ауыл шаруашылық тауар өндірушілері мен кәсіпкерлерінің қатысуымен жәрмеңке өтті. Аймақ басшысы Қырымбек Көшербаев қалаға қарасты елді мекендердің өнімдерімен танысып, тұрғындармен тілдесті.