Британияда алғаш рет итте коронавирус анықталды
ЛОНДОН. ҚазАқпарат – Британияда коронавирус алғаш рет үй жануарында тіркелді. Бұл ретте, Денсаулық қауіпсіздігі жөніндегі агенттіктің мәлімдеуінше, мұндай жағдайлар өте сирек болады және иттер, мысықтар мен өзге де жануарлардың өз иелеріне вирус жұқтыра алатынына қатысты дәйекті дәлелдер жоқ. ҚазАқпарат бұл туралы ВВС-ге сілтеме жасап хабарлайды.