Екпінді жел, көктайғақ, тұман: 13 қараша күнгі ауа райы болжамы
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 13 қараша күні еліміздің оңтүстік өңірлерінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республиканың қалған бөлігінде жауын-шашын болады, солтүстікте көбіне қар түрінде жауады. Қазақстан аумағының басым бөлігінде тұман, көктайғақ, желдің күшеюі, жаяу бұрқасын болжанады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.