Ескендірдің Асхаты
Асхаттың көшесін "Губернатор көшесі" дейтін жұрт. "Мұнда губернатордың өзі тұрады екен-ау" деп ойлап қалмаңыз тағы. Баяғыда, шамасы, осыдан жүз жыл бұрын, осы көшенің ортасынан үш ат жеккен күймелі арбасын күмбірлетіп, губернатор құйғытып өткен көрінеді. Сол дөкей төренің күймесінің шаңдағына шомылғанына қуаныштан жүрегі жарыла жаздап, төбесі көкке жеткен қарашылар осы көшені Губернатор көшесі атандырыпты. Алайда бар болғаны бес үйдің басын құрайтын құйттай тығырықтың "Ешкі оймақ" деген аты да оңай ұмытылмағанын айтқан жөн. Губернаторлар, байлар, төрелер төрден түсіп, биліктен қалған заманда "Ешкі ойнақты" қайта жаңғыртқысы келгендер де болған. Әйтсе де "губернаторлар" кез келген үйдің қоқырында ешкілер күйсеп жатқанына қарамастан, мұндай ыңғайсыз атты қабылдамады. Ауылдағы "Тоңмұржа", "Үшәтеш", "Байғыз", "Сарқырама" атанған көшелерден "Губернатор көшесінің" шоқтығы биік емес пе? Басқа көшелерден мешеулік, надандық, топастық иісі мүңкіп тұрады.
Асхаттың көшесін "Губернатор көшесі" дейтін жұрт. "Мұнда губернатордың өзі тұрады екен-ау" деп ойлап қалмаңыз тағы. Баяғыда, шамасы, осыдан жүз жыл бұрын, осы көшенің ортасынан үш ат жеккен күймелі арбасын күмбірлетіп, губернатор құйғытып өткен көрінеді. Сол дөкей төренің күймесінің шаңдағына шомылғанына қуаныштан жүрегі жарыла жаздап, төбесі көкке жеткен қарашылар осы көшені Губернатор көшесі атандырыпты. Алайда бар болғаны бес үйдің басын құрайтын құйттай тығырықтың "Ешкі оймақ" деген аты да оңай ұмытылмағанын айтқан жөн. Губернаторлар, байлар, төрелер төрден түсіп, биліктен қалған заманда "Ешкі ойнақты" қайта жаңғыртқысы келгендер де болған. Әйтсе де "губернаторлар" кез келген үйдің қоқырында ешкілер күйсеп жатқанына қарамастан, мұндай ыңғайсыз атты...